видеокамеры

. — 2
продолжительность = 0.42 мин.


Ашылмаған шындық хикаясы
2 сезон.. Част 1
Визага. Сол баяғы ескі үй ендігі жоқ. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іште бір жігіт: абайлаңдар! Сындырып алмаңдар. Деп көрсетіп жатады. Ол Амар болатын. Бір кезде Амардың телефоны шырылдайды. Амар телефонын алып қарайды. Кім екенін көріп, жылы жымияды. Сосын тұтқаны алып: Кхуши ханым. Неткен мазасыз едің сен! Сол сәтте Кхушиді көрсетеді. Ол үйде болатын. Кхуши: мейлі. Мен тек саған бүгін сенімен сөйлесе алмайтынымды айтып қояйын деген едім. Жақсы! Мазаңды алмайын.. дегенде Амар: неге? Неге менімен сөйлесе алмайсың? Кхуши: сені қызықтырмасын! Деп тұтқаны қояды да поездқа мінбей кері бұрылады. Сол сәтте арғы жақта бірнеше қызметкерлерімен келе жатқан Виван (1 сезондағы кейіпкер) көріп, Кхуши: я Аллам. Мынау да бір жалықпайды екен.. деп поездқа кіреді. Виван барлық поездардың ішіне кіріп Кхушиді іздестіріп жүреді. Кхуши бір топ әйелдердің арасына келіп, сариін орап алып отырады. Виван өтіп кетеді. Поезд жүреді. Кхуши ойланып отырады. Сол сәтте телефоны шырылдайды. Кхуши шошып кетіп, телефонды алады. Амар екен. Кхуши: тыңдап тұрмын? Амар: тұтқаны неге қоя саласың? Қайдасың? Тойға аз қалғанда басыңа пәле іздемей тыныш сонда отыршы? Кхушидің көңіл күйі түсіп кетеді. Кхуши: мейлі. Қалауың болсын.. деп тұтқаны қояды.
Визага.. Поезд тоқтайды. Кхуши түседі. Ол такси тоқтатады. Сосын Амардың үйіне келеді. Кхуши таксидің ақшасын төлеп, барып есікті қағады.. Амар үйді аралап жүріп, барып есікті ашады. Ол Кхушиді көріп: Кхуши? Сен.. сен мұнда нестеп жүрсің? Кхуши ішке кіріп, оны құшақтайды. Амар есікті жауып, оны көтеріп алады. Кхуши жыламсырайды. Амар: саған не болды? Неге көңілсізсің? Неге жылап тұрсың? Кхуши келіп отырып: мені сағынбадыңба? Келгеніме қуанбадыңба? Амар: недеп тұрсың? Қайдағыны айта көрме. Әрине қуаныштымын. Бірақ тәтең ұрсып жүрмейді ме? Кхуши: мен қорқамын Амар.. деп оның қолынан ұстайды. Амар: неден қорқасың? Кхуши: Виван.. Ол әліде мені аңдып жүр. Ол бірдеңе бүлдіретін сияқты.. Тәтем мені осында әдейі жіберді. Ол өзінің мені қорғауға шамасы келмейтінін, сенің жаныңда болғанымның дұрыс екендігін айтты.. Амар: алаң болма. ол бізге еш кедергі жасай алмайды. Деп құшақтайды. Кхушида оны. Бір кезде төменге Видья түседі. Кхуши оны көріп: ох.. қарай көріңдер? Кім бұл.. деп оның жанына келіп, құшақтайды. Видья: Кхуши.. сені қатты сағындыққой? Келгенің жақсы болдығой! Деп мәз болады. Екеуі барлық бөлмелерді аралап шығады. Видья ойнауға кетіп қалады. Кхуши өз бөлмесіне келіп, қарап тұрады. Бәрі өзгерген.. Кхуши іштей: осы жерде қаншама керемет сәттерім өткен еді.. деп тұрады. Сол кезде айнадан біреудің өте шыққаны көрінеді. Кхуши оны байқамаған болатын. Оны Амар келіп артынан құшақтайды. Кхуши: Амар.. Амар: ия .. менмін. Кхуши: үйді керемет етіп өзгертіпсің? Бірақ бұрынғы қалыпы меніңше ең ерекше болатын? Амар: әрине? Ол кез біз үшін керемет күндердің бірі ғой.. деп маңдайынан сүйеді. Кхуши мен Амар Амардың бөлмесіне келеді. Онда да бәрі өзгерген. Амар: қалай? Кхуши: керемет.. деп айна алдына келеді. Онда Амар мен Кхушидің суреттері тұр екен. Кхуши оны алмақ болғанда тоқ соққандай болады. Кхуши қолын тартып алады. Амар: Кхуши? Сенде бәрі дұрыспа? Кхуши: ия.. біраз шаршаған сияқтымын… Амар: түсінікті, жүр.. кешкі астың қамына көшейік.. Кхуши: мен әзірлеймін.. Амар:сенің тағамдарыңды сағындым.. деп жымиады. Кхуши төменге түседі. ОЛ ас үйге келіп, тағам әзірлеуге кіріседі. Сол сәтте есік қағылады. Амар барып ашады. Ол үйге зат әкелгендер екен. Олардың арасында Виванда бар болатын. Олар жоғарыға заттарды кіргізеді. Амар оларға көрсетіп жіберіп, телефонмен сөйлесіп тұрғанда Виван Кхушидің бөлмесін іздеп, ең бірінші бөлмеге кіреді. Сосын Кхушидің заттарын көріп, арам жымиып, бөлмеге видеокамера мен дыбыс шығарушы аппараттарды орналастырадыда шығып кетеді. Амар оларды шығарып салмақ болып келе жатады. Кхуши тағамдарды әзірлеп болып шығады. Сол сәтте Виванның өзіне қарағанын байқап, шошып кетеді.Ол қатты қорқып кеткен. Амар оны байқап:Кхуши? Деп жанына келеді. Амар: бәрі дұрыспа? Қорқытпашы мені? Кхуши:бәрі дұрыс Амар.. Видьяны шақыр.. кешкі ас ішейік.. Амар: Видья! Мұнда кел.. деп оны шақырады. Бәрі кешкі астарын ішеді. БоЛҒАН соң Кхуши бөлмеге келіп, жуынатын бөлмеге кіріп кетеді. Ол сонда келіп, ойланып отырады. Кхуши: мына Виван менің басыма пәле болдығой.. енді қайттым. Одан қалай құтыламын. Бүгін үйде болған солғой. Амар мені есалаң деп ойлап қалған шығар.. деп тұрғанда терезе өздігінен ашылып кетеді. Кхуши орамалын жауып, барып терезені жабады. Сосын жуынып, киініп бөлмеден шығады. Сол сәтте Амарды көреді. Кхуши шашын сүртіп, заттарын жинастырады. Амар:Кхуши.. Кхуши : ия Амар.. Амар: сен маған сенесіңбе?Кхуши: о не дегенің? Әрине сенемін.. Амар: мұнда келші.. дейді. Кхуши заттарын ысырып, Амардың жанына келеді. Амар: қорықпашы.. Мен сені бұрынғыдай тастамаймын. Жәнеде Виваннан қорқа беруіңді қойшы. Бәрі жақсы болады. аз ғана күндерден соң тойымызда болады. сосын бәрі ұмыт болады. Ол әзірге сенің бостандығыңды пайдаланып жүр.. Кхуши: Амар.. сенде маған сенесіңбе? Амар: өзімнен артық сенемін.. Кхуши: сенсең.. былай? Бүгін.. Виван біздің үйде болды. Маған елестеген жоқ. Мен оны өз көзіммен көрдім.. Амар жымиып, оған бір түрлі қарап барып терезеде ілініп тұрған камера мен микрофонды жұлып алып: Кхушиім.. Оны менде көрдім.. мен енді оны өмірі сені ойлай алмайтындай етемін.. деп маңдайынан сүйеді. Кхуши: жақсы.. қайырлы түн.. Амар: хеей? Мен сенің жаныңа ұйықтаймын? Қайдағы қайырлы түн..? Кхуши: Амар.. бастамашы? Тәтем айттығой? Амар: Кхуши ханым? Тәтең мұнда жоқ? Қайта өз өзімді әрең ұстап жүргеніме рахмет айт? Кхуши: ақымақ! Деп оны бір ұрып заттарын жинастырады. Амар бөлмесіне келіп, камерамен микрофонға ызалана қарап: мен оны өлтіремін… деп қатты ашуланады. Сол сәтте оның көзінің түсі өзгеріп, түрі қорқынышты болып кетеді. Ол бөлменің есігін жауып алып, қатты ашуланып әлгі камераны таптап сындырып тастайды.
Кхуши ұйықтап жатады. Амар бөлмеге келіп,есікті жауып, ұйықтап жатқан Кхушиді көріп , қасына отырады. Оның қолдарын алып сүйіп: тірі жүргенімде сенің арқаң. Енді мені жалғыз тастап кетуіңе жол бермеймін. СЕНІҢ өлуіңеде жол бермеймін… деп келіп, оның қасына жатады. Кхуши Амарды құшақтап алады. Амардың ашуы мен жыны басылып, ұйықтап кетеді.. Кхушиде.. Түн… Айнаны көрсетеді. Алғашында онда ештеңеде жоқ болатын. Кейін онда бір бейне пайда болады.. Ол Абхи болатын. Абхи қатты ашулы болатын. Ол есікті ақырын ашады. Сол сәтте Кхуши оянады. Ол есіктің ашылғанын, және біреудің шыққанын сезеді де, Видья болар деп, тұрып, Амардың жанына дупаттасын тастап, әлгі елестің артынан барады. Кхуши төменге түседі. Жарықты жақпақ болғанда диванның артында жасырынып отырған елесті көріп, жарықты жақпай қояды. Сосын ақырын сол жерге жақындайды. Өзі іштей қорқып тұр. Бір кезде ол оны көріп ойланып тұрып: Абхи.. дейді. Сол сәтте Кхуши жерге құлайды.. оның аяғынан сүйрегендей, бір бөлмеге кіргізіп жібереді.. Кхуши айқайлайын десе дауысы қарлығып қалған.. Абхи: сендер.. сүйіктілерің екеулерің.. менің өмірімді құрттыңдар.. Мен сені өлтіремін… деп оны қылқындырады… Сол сәтте Кхуши шошып оянады. Ол тек Кхушидің түсі болатын.. Сол сәтте айнада шыныменде Абхидің елесі пайда болады.. Сосын айнада өздігімен жазулар пайда болады.. Онда: өзіңді не күтіп тұрғанын білген боларсың… делінген.
Соңы!!!
Қалай? Бірінші бөлім көңілдеріңізден шықтыма?

4 комментария

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *